Депозит мөлшерлемелері өседі

(0 Votes)

Сыйақының шекті мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейтін базалық мөлшерлемеге байланысты болады.

Кеше, 9 қыркүйек, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің 9 пайыздан 9,25 пайызға дейін көтерілгенін жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап. ҚДКБҚ базалық мөлшерлеменің артуынан кейін мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені 9,5 пайыздан 9,8 пайызға дейін арттырады. Өзгерістер бүгін, 10 қыркүйекте күшіне енеді, бірақ екінші деңгейдегі банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы.Ұлттық Банктің бұл шешімі жаңадан тартылатын үш ай мерзімді салымдарға да қатысты болады.Алты ай мерзімді салымдар және барлық жинақ салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер өзгермейді, өйткені базалық мөлшерлеменің қозғалысына байланысты емес. Осы салымдар бойынша шекті мөлшерлеменің келесі өзгерісі қыркүйек-қазан айларында болады.

 tengrinews.kz

фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521