Бірлік күніндегі қайырымдылық шарасы

(0 Votes)

Ел басына күн туған қиын-қыстау заманда Мақат жеріне де түрлі ұлт өкілдері табан тіреп, пана тапты. Қазақ халқымен бір нанды бөліп жеп, бір үйдің баласындай етене араласты. Міне, соның нәтижесінде бүгінде ауданда 25 ұлт өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Соның бірі – Череватинкалар отбасы. 1976 жылы жұмыс бабымен қазақ жеріне қоныс тепкен Петр Череватинка өмірлік серігі Марияны осы өлкеде кездестірген. Бірі украин, бірі молдаван ұлтынан.

3d0b274a-7098-45d7-bd06-01beca22b81f

Бүгінде үлкен отбасыға айналған бұл шаңырақта 6 ұл-қыз және 13 немере бар. Қазақ жерінен бар шарапатты көрген олардың тарихи отанына кеткісі жоқ. Жыл сайын бұл отбасы Бірлік күнін тыңғылықты дайындықпен күтеді. Мереке қарсаңында құттықтай келген меймандарға ұлттық тағамдарын ұсынды. 

85455d41-f3be-49b0-bd30-a3ae3400025d

Қазақстан Халқының бірлігі мерекесі аясында аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері аудан әкімі Шәкір Кейкиннің құттықтау хатын өзге ұлт өкілдеріне табыс етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

30ab0036-4c5e-495a-abc5-bf16ec24cbf0

Мақат, Доссор кенттері және Бәйгетөбе ауылдық округінің 11 тұрғынына «30 игі іс» акциясы аясында бір жолғы азық-түлік себетын табыс етті.

1d18cd24-9e0b-4daa-adf7-7578457b8a89

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек бүгінде ауданда 500-ге жуық өзге ұлт өкілі татулықта өмір сүруде.

893c4e60-7791-455b-a7a8-86455110ff23

Олардың денін орыс, әзербайжан, беларусь, кәріс, армян мен өзбектер құрайды. Қиын-қыстау сәттерде бір нанды бөлісіп жеп жомарттығы мен дархандығын көрсеткен қазақ жұртына бүгінде әр ұлттың өкілдері алғысын білдірді.

 

Мөлдір Ізтұрғанова

Суреттер автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521