Балалар мектепке келіп, шұбат ішіп, тамақтанады

(1 Vote)

Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік беріп қоймай, баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына маңызы зор.

Осы ретте ауданымызда мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту жақсы жолға қойылған. Тамыз мәслихатында белгілі болғанындай, осы оқу жылына ыстық тамақпен қамту мақсатында 36 млн 181 мың теңге бөлініп отыр.

2018-2019 оқу жылының қараша айынан бастап манту сынамасы төмен нәтиже берген 25 оқушының денсаулығын оңалту үшін жеке кәсіпкердің демеушілігімен әр күн сайын 200 грамм шұбат берілді.

Ал, мамыр айында оқушылардың манту сынамасы қайта тексерілген кезде 25 оқушының 21-і оң нәтижеге қол жеткізді. 8мм.ден - 00мм-ге түсіп отыр.

Осыған орай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына шұбат беру жоспарлануда.

Өз тілшіміз,

сурет ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521