Асыл дін салтымызбен сабақтасуы керек

(0 Votes)

Халқымыздың ұлттық сана – сезімі мен салт-дәстүр құндылықтарымен біте қайнасып, қанымызға сіңіп, рухымызға дарыған асыл дінімізге аса сақтықпен қарағанымыз жөн.

Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі – рухани тәрбие.

Осыған орай, елдің елеулі азаматтарын алаңдатар діни сауаттылықты арттыру, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып, мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы насихаттау мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Орталық кітапханада «Рухани тірегіміз – ислам» тақырыбымен жыл бойына тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрме кітапхана қорындағы дін әдебиеттері мен мерзімді басылымдар беттеріндегі материалдар топтастырып, оқырман қауымға насихатталды.

Діни наным-сенімдерді ажырата білуге, жат діни ағымдардан аулақ жүруге үйрету мақсатында №4 Доссор балалар кітапханасында «Адастырушы діни ағымдар» атты сұхбат кеш ұйымдастырылды. Шараға қатысқан кент имамы Е.Оташбаев оқушыларға имандылық тәрбиесінің берілуі, ізгі қасиеттер туралы айтты. №6 Мақат кітапханада дінтанушы Дәурен Құттыбаев кітапхана оқырмандары: Б.Сәрсекбав, Н.Бөлекбаев, Б.Құрманов Х.Санбаев атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Теріс діни ағымдар уағызы – заңсыз уағыз» атты сұхбат кеш, № 8 Мақат балалар кітапханасында кітапхана оқырмандарымен «Дініміздің негізгі зандылықтары» атты конференция сабақ, №3 Доссор кітапханасында «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» атты насихаттау сағаты, №2 аудандық балалар кітапханасында дін әдебиеттерін насихаттау бағытында «Өз дініңді білесің бе?» атты сұрақ- жауап кеші, №7 Бәйгетөбе кітапханасында «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында сұхбат кеш және т.б. көпшілік шаралар өткізілді.

Қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау -бүгінгі күннің басты мәселесі. Сол үшін қазіргі жаһандану заманында қоғамның тұтастығын көздеп, діни сауатсыздықтың алдын алу керек. Болашақтың тұтқасы болар ұрпаққа тәрбиені тал бесіктен беру – бүгінгі қоғам алдында тұрған үлкен міндет. Халқымыздың кіршіксіз таза иманына орынсыз мін арқылы дақ түсіріп алмай, хақ дінімізді көркем түрде, салтымызбен сабақтастыра білсек қана ұтарымыз мол.

Алмаш МҰСАҒАЛИЕВА,

аудандық орталық кітапхана ақпараттық-библио-графиялық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521