Амал мерекесіндегі игі қарекет

(1 Vote)

Амал мерекесі әу бастан-ақ,  дәстүріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Дәл осы мереке тұсында  аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының ұжымы қарттарға қайырымдылық іс жасады.

Жақында ғана  қызметіне кіріскен орталық директоры Ж.Есенгужин әріптестерімен бірге аудандағы бірінші және екінші топ мүгедектері мен егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттармен қол алысып, азын аулақ азық-түлікпен қол ұшын беруді де ұмыт қалдырмады.

f892e452-c4e5-45d1-99d2-d98e6c8f58ea

Ауданның бір топ кәсіпкерлердің қолдауына ұйытқы болған орталық қолдан келгенше аянып қалмайтынын жасырмады. Тек қана Мақат кентінің кәсіпкерінен құралған тізімнің  ішінде "Айко", "Айсұлтан", "Бекзат", "Әміржан", "Жадыра", "Амир" дүкені, "Асқар", "Асылбек","Макс" ЖК-і "Ару", "Гүлмира","Болашақ", "Зуля-Нур" сауда үйлері және "Мырза" фотосалоны мен "Береке" пиццериясы бар. Барлығы 44 шаңырақты қамтыған қайырымдылық пакеті 22-ден Доссор мен Мақатқа бірдей бөлінді. Бұл орталық сонымен қатар, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, мәдени, әлеуметтік-еңбек, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық секілді сегіз түрлі бағытта қызмет етеді. Қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қас-қабағын аңдып, ақ батасын алып жүрген қадірлі саланың қызметкерлері осылайша оларды бір қуантып тастады.

    А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521