Сап түзеген Сарғұнановтықтар жеңіс тұғырында

(0 Votes)

О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде  «Алау-2019» аудандық әскери-патриоттық клубтар слеті өтті. Слет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы негізінде ұйымдастырылды.

7 команда құрамында  70-ке тарта болашақ жас сарбаздар қатысты. Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Айжан Сапакова өрендерді жарыстың ашылуымен құттықтап, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілек білдірсе, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, бас төреші  Ерболат Құлтаев патриоттық әскери ойындар ережесімен таныстырып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

img_1056

Командалар саптық дайындық, 100 метрге жүгіру, 16 келі гір тасын тасымалдау, кермеге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, арқанға өрмелеу, кіші допты нысанаға тигізу,  оқжатарға оқ жарақтау, пневматикалық мылтықпен нысанаға оқ ату бөлімдері бойынша бақ сынасты.

whatsapp-image-2019-10-19-at-23_55_06-1

Қорытындысында көпшілік назарын аударған О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушылары жеңіске жетіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал, А.Құнанбаев атындағы орта мектеп оқушылар жүлделі ІІ орынды жеңіп алса, ІІІ орын С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты оқушыларына бұйырды.

Жарыс соңында команда бойынша және жекелеген жеңімпаздар марапатталып, дипломдар табысталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521