Азаматтың қасиетті парызы

(0 Votes)

«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз -маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2020 жылғы 12 ақпандағы  № 266 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы наурыз-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары  басталды.

Шақыру жұмысына сәйкес жергілікті  атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы  ұйымдастыру, қамтамасыз ету жұмысымен айналуы міндеттеледі.

Сол себепті, ұйымдардың басшылары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды іссапарлардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуін  ұйымдастыруға міндетті.

Сол сияқты медициналық куәландыру нәтижелері бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты:

1) әскери қызметке шақырылуға жатқызылады;

2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;

3) әскери қызметке шақырылудан босатылсын;

4) әскери міндеттілікті атқарудан босатылсын деген шешімдердің бірін қабылдайды.

Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың міндеттері төмендегідей:

Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады.

Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін  болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.

Еліміздің Конституциясының 36-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады.

 

Е.Амиров,

аудандық қорғаныс істері

жөніндегі бөлім бастығы

майор                            

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521