Атырау облысының Мақат ауданының ТЖБ бастығы тағайындалды

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 18 қараша күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Рашид Бекетұлы Блялов Атырау облысы Мақат ауданы ТЖБ жеке құрамына Атырау облысы ТЖД Мақат ауданы ТЖБ жаңа бастығын таныстырды.

Департамент бастығының ағымдағы жылғы 14 қарашадағы №139 бұйрығымен Атырау облысы Мақат ауданы ТЖБ бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Камалов Аслан Нсанбекович тағайындалды.

Бұрын Аслан Нсанбекович Атырау облысы ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы қызметін атқарған.

Камалов Аслан Нсанбекұлы, 1989 жылы 21 ақпанда Атырау облысы Курилкино ауылында дүниеге келген. Аслан Нсанбекұлы еңбек жолын Атырау облысы ТЖД Индер ауданы ТЖ бөлімінің инженері қызметінен бастады. Өзінің ұзақ еңбек қызметінде орта және аға басшы құрамның әр түрлі лауазымдарын атқарды.

Рашид Бекетұлы жаңа бастыққа жұмыста табыс тіледі және оларға жетекшілік ететін бөлім қызметкерлерінің ұжымы өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі тиімді атқаратынына, ал ол өз кезегінде облыс халқын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау ісіне өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Мақат ауданына жұмыс сапары аясында кадр саясатының бас маманы азаматтық қорғау майоры Әйгерім Садыхова колледж студенттерімен, жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушыларымен, сондай-ақ ата-аналармен ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуді үгіттеу бойынша кездесу өткізді.

Сонымен қатар, Атырау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ психологы азаматтық қорғау лейтенанты Гүлжайна Шәки Мақат ауданының ТЖБ және 8-ӨСБ жеке құрамымен психологиялық тренинг өткізді

Атырау облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникация тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521