«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының маңызды бағыттарының бірі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жол ережесін сақтау – әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің азаматтық міндеті. Қарапайым ғана ережелерді елемеу адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жылдамдықты сақтап, қауіпсіздік белдігін тағу және бағдаршам талаптарына бағыну өте маңызды.
Балаларға жолда жүру мәдениетін ерте жастан үйрету де үлкен жауапкершілік.
Жолдағы тәртіп – өз өмірімізге ғана емес, өзгенің өміріне деген құрметтің белгісі. Әркім заң талаптарын бұлжытпай орындағанда ғана жол-көлік оқиғалары азаяды.
Қауіпсіз қоғам құру – әр азаматтың жауапты әрекетінен басталады.
А.МАРАТ,
кент тұрығыны



