Жолдағы тәртіп адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де белгіленген талаптарды орындауы керек. Бір адамның салғырттығы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Сондықтан жолда мұқият әрі жауапты болу қажет. Ережелерді сақтау арқылы жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға болады. Балаларды да жол қауіпсіздігіне ерте жастан үйрету маңызды. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Заң мен тәртіпке бағыну – әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші. Қауіпсіз қоғам құру үшін бәріміз жол ережелерін сақтауға тиіспіз.
А.НҰРЖАН,
кент тұрғыны



