Жұмекен атындағы жаңа спорт кешені ашылады

Жұмекен атындағы жаңа спорт кешені ашылады
фото видеодан алынды
(0 Votes)

Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылында Жұмекен Нәжімеденов атындағы жаңа спорт кешені жақын күндері пайдалануға беріледі. Құрылысы толық аяқталған нысан қазіргі уақытта қажетті тексерулерден өтіп жатыр.

Осы уақытқа дейін ауыл жастары футбол, волейбол және өзге де спорт түрлерімен айналысу үшін Дәулеткерей, Қадырқа ауылындағы ашық спорт алаңына немесе аудан орталығындағы спорт кешеніне қатынап келген. Енді жаңа спорт кешенінің ашылуы ауыл тұрғындарына өз елді мекенінде тұрақты түрде спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

Заманауи талаптарға сай бой көтерген кешенде кең спорт залы, киім ауыстыратын бөлмелер, душ кабиналары, жаттықтырушылар кабинеттері және тир қарастырылған.

«Батыс строй сервис Атырау» ЖШС учаске басшысы Ербол Қабдрахмановтың айтуынша, құрылыс жұмыстары толық аяқталған.

– Спорт кешені толықтай бітіп тұр. Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің тексерісі мен қорытындысын күтіп отырмыз. Шілде айының соңына қарай Жұмекен атындағы спорт кешенін пайдалануға тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT