ЖКО болған жерден кетіп қалу — заң бұзушылық

ЖКО болған жерден кетіп қалу — заң бұзушылық
фото видеодан алынды
(0 Votes)

Жол-көлік оқиғасына қатысқан әрбір жүргізуші тоқтауға, заңда көзделген негіздерсіз оқиға болған жерден кетпеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ЖКО-ны жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу мүмкін болмаған жағдайда болған оқиға туралы полицияға хабарлауға міндетті.

⚠️ ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабына сәйкес, ЖҚЕ талаптарын бұза отырып, өзі қатысушысы болған ЖКО болған жерден кетіп қалған жүргізушіге 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе көлік құралын басқару құқығынан 1 жыл мерзімге айыру көзделген.

Егер жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы болмаса немесе ол бұрын бұл құқықтан айырылған болса, мұндай құқық бұзушылық үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу көзделген.

❗ Маңызды: егер ЖКО салдарынан зардап шеккендер болса, жүргізуші зардап шеккен адамды медициналық ұйымға жеткізу үшін, ал шұғыл жағдайда оны жолай көлікпен жеткізу мүмкін болмаған кезде, оқиға болған жерден кетуіне болады. Осыдан кейін ЖКО болған жерге қайта оралу қажет. Мұндай жағдайда жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы бойынша жауапкершіліктен босатылады.

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT