«Жеті басым бағыт» – ұлттық құндылықтар мен заңдылықты нығайтудың негізі

«Жеті басым бағыт» – ұлттық құндылықтар мен заңдылықты нығайтудың негізі
(0 Votes)

 ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бөліністерінде Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі әзірлеген «Жеті басым бағыт», Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу тақырыбында кездесу өтті.

 Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, Қоғамдық кеңес өкілдері, теологтар мен сала мамандары қатысып, жеке құраммен ашық пікір алмасты.

 Кездесу барысында заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, патриоттық тәрбие, кәсіби әдеп, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT