ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОҚ ЖЕРДЕ - ҚАҢҒЫБАС ИТ КӨП

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОҚ ЖЕРДЕ - ҚАҢҒЫБАС ИТ КӨП
фото: https://baq.kz/
(0 Votes)

Қаңғыбас иттер – қоғамға ортақ өзекті мәселелердің бірі.

Өйткені, бұл тек жануарлардың ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігіне де қатысты. 

Көп жағдайда қаңғыбас иттердің көбеюіне адамдардың өздері себеп болып жатады.

Яғни, иттерді асырап алып, кейін жауапкершіліктен қашып, көшеге тастап кету – үлкен қателік.

Сондықтан, жануарға жанашырлық таныту – адамгершіліктің белгісі екендігін ұмытпаған жөн.

Ал, бұл мәселені шешуде жануарларды қорғау, оларды стерилизациялау, арнайы панажайларды көбейту және ең бастысы, адамдардың жауапкершілігін арттыру қажет. 

Себебі, әр адам үй жануарын асырамас бұрын оның тағдырына толық жауап беретінін түсінуі тиіс.

Ж.МЫРЗА,
кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT