“Таза Қазақстан” акциясы аясында ауданда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Тұрғындар мен мекеме қызметкерлері сенбілікке шығып, қоршаған ортаны тазалап, жасыл желектердің күтіміне атсалысуда.
Егілген тал-теректердің жайқалып өсуі үшін оларды уақытылы суарып, күтіп-баптаудың маңызы зор. Осыған орай ауданда жасыл желектерді суару жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.
Бұл – туған жердің табиғатын аялауға бағытталған игі бастамалардың бірі.
А.БОЛАТ
кент тұрғыны




