«ЖАСЫЛ ЕЛ» XXII ЕҢБЕК МАУСЫМЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ!

«ЖАСЫЛ ЕЛ» XXII ЕҢБЕК МАУСЫМЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ!
(0 Votes)

Бүгін жалынды жастар мен табиғат жанашырлары үшін ерекше күн! 

Жастар алаңында экологияны жақсартуға, туған өлкені көркейтуге бағытталған «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XXII еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті!  

Жиынның алғашқы құттықтау сөзін аудан әкімінің орынбасары Бөлеков Қайрат Қуандықұлы алып, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде бұл жобаның жастарды еңбекке баулудағы және экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызы зор екенін атап өтті.  

Сондай-ақ, шарада Жастар ресурстық орталығының басшысы Батуов Нұртілек Нұрбекұлы сөз сөйлеп, аудан жастарын белсенді болуға, туған жердің тазалығы мен гүлденуіне барынша үлес қосуға шақырды.

Барша «Жасыл ел» сарбаздарына табысты еңбек маусымы мен толағай жетістіктер тілейміз! Жастардың жігері мен еңбегі туған өлкеміздің өркендеуіне әрдайым қызмет ете берсін! 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT