«Таза Қазақстан» акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосып келеді. Табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдардың емес, әр азаматтың міндеті болуы тиіс.
Акция аясында көптеген аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандырылуда. Бұл жұмыстар қалалар мен ауылдардың келбетін жақсартуға ықпал етеді.
Таза көшелер мен саябақтар тұрғындарға жайлы орта қалыптастырады. Осындай игі бастамалар адамдарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретеді.
Әсіресе жастардың белсенділігі қуантады. Олар сенбіліктерге қатысып, өзгелерге жақсы үлгі көрсетуде.
Табиғатты таза сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Сондықтан бұл акцияның маңызы зор деп есептеймін.
С.НҰРТАС,
тұрғын



