Жасанды интеллект бүгінде әлемдік дамудың басты бағыттарының біріне айналды. Мемлекет басшысының Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында көтерген бастамалары Қазақстанның цифрлық технологияларды дамытуға ерекше мән беретінін көрсетеді.
Бұл саладағы халықаралық ынтымақтастық жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жасанды интеллект білім беру, медицина, өндіріс және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар оны адам игілігі үшін тиімді әрі қауіпсіз пайдалану аса маңызды.
Инновацияны қолдау арқылы еліміздің бәсекеге қабілеттілігі де арта түседі. Әлемдік тәжірибені меңгеріп, заманауи технологияларды енгізу – уақыт талабы.
Сондықтан жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамытып, оны қоғам игілігіне бағыттау – ортақ мақсат болуы тиіс.
М.Әнесұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



