“Таза Қазақстан” – бұл тек экологиялық бастама ғана емес, әр азаматтың ішкі мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы.
Өзім үшін тазалық деген ұғым тек айналаны қоқыстан арылту емес, ол – табиғатқа жанашырлықпен қарау, туған жерге деген құрмет көрсету.
Егер әрқайсымыз өз ауламызды, көшемізді таза ұстап, қоршаған ортаға зиян келтірмеуді әдетке айналдырсақ, еліміздің келбеті де жақсара түседі.
Сондықтан әр азамат табиғатты қорғауға бейжай қарамай, өз үлесін қосуы қажет.
Өйткені, таза ел – жарқын болашақтың кепілі.
А.Серік,
Мақат кенті тұрғыны


