Жалпықалалық сенбілік өтті

Жалпықалалық сенбілік өтті
(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына қалалық әкімдік қызметкерлері де белсенді атсалысты. Сенбілік барысында қоғамдық орындар мен көше бойлары қоқыстан тазартылып, қала аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы сенбілікке 500-ге жуық адам қатысып, 4 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

Б.Дауренов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT