Жайықтың тазалығы – Атыраудың табиғатына деген құрмет

(0 Votes)

Атырау үшін қоршаған ортаны қорғау мәселесін Жайық өзенінен бөлек қарау мүмкін емес. Өзен – өңірдің табиғи байлығы ғана емес, қала тұрғындарының күнделікті өмірімен тығыз байланысты нысан. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасының аясында Жайық жағалауын таза ұстауға ерекше мән берген жөн.

Меніңше, бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесін тек жағалаудан жиналған қоқыстың көлемімен бағалау жеткіліксіз. Ең маңыздысы – тұрғындардың өзенге деген қарым-қатынасын өзгерту. Демалысқа келген адам пайдаланған затын жинап кетсе, балық аулаған азамат жағалауды ластамаса, кәсіпкер өз нысаны орналасқан аумақтың тазалығына жауап берсе, бұл бастаманың нақты нәтижесі болар еді.

Атырауда Жайықтың жағалауын тазарту бойынша акциялар өткізу маңызды. Бірақ одан да маңыздысы – сол аумақтың кейін қайта ластанбауын қамтамасыз ету.

«Таза Қазақстан» осы тұрғыдан алғанда тазалық акциясы ғана емес, табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыратын қоғамдық мәдениет болуы керек. Жайықтың тазалығы – Атыраудың тазалығы. Ал оны сақтау – баршаға ортақ міндет.

Қайсар Жетпісбаев,

Атырау қаласы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT