Жайық жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді

Жайық жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді
(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жайық өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары өтті.

Акцияға Махамбет ауылдық округінің мамандары мен «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының мүшелері қатысты. Акция барысында өзен жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, аумақтың санитарлық тазалығы қамтамасыз етілді.

Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды тазалықты сақтауға үндеу.

Туған өлкенің тазалығы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT