Адамның ең қымбат қазынасы – отбасы. Ал ең маңыздысы – алдағы бейбіт күнге, балалардың жарқын болашағына деген сенім. Бұл – әрбір азаматтың негізгі қажеттілігі әрі Жаңа Конституцияның айрықша басымдығы.
Ата Заңның 1-бабында Қазақстан демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жарияланды. Ол жай ғана құқықтық термин емес, бұл – еңбек ету, білім алу, тұрғын үйге қол жеткізу және әлеуметтік қолдау көру құқығы мемлекеттің басты міндеті екенін айқындайтын конституциялық кепілдік. Бұл – адамның қадір-қасиетін қорғау және әрбір жас ұрпақтың сенім мен қауіпсіздік жағдайында өсіп-жетілуіне қамқорлық көрсету деген сөз.
15 наурызда біз даму құқығына, адамның білімі мен таланты бағаланатын, ал отбасы заң қорғауын сезінетін қоғам үшін дауыс береміз.
Біздің таңдауымыз – біздің болашағымыз!
Жаңа Конституция әрбір отбасыға не береді?
- Автор: Мақат тынысы
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 118


