Заң мен тәртіп – қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құндылықтардың бірі.
Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауы тиіс. Құқық бұзушылықтың алдын алу – полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Отбасында, мектепте және еңбек ұжымында заңға құрмет сезімін қалыптастыру маңызды.
Әркім өз ісіне жауапкершілікпен қараған жағдайда қоғамда әділдік пен тәртіп орнығады.
Заң үстемдігі сақталған елде адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Сондықтан заңды сақтау – өзіміздің және болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне қосқан үлес.
А.ЕРЛАНОВА,
кент тұрғыны



