Нашақорлық – адамның денсаулығына ғана емес, қоғамның қауіпсіздігіне де зор қауіп төндіретін індет.
«Заң мен тәртіп» қағидаты есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қойып, жастарды зиянды әдеттен қорғауға бағытталған. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, есірткіге қарсы күресте белсенді ұстаным танытуы қажет.
Салауатты өмір салтын насихаттау мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қауіпсіз қоғамның кепілі. Заңға құрмет пен жауапкершілік қана ұлт болашағын жарқын етеді.
М.Нұртілеу,
Мақат кенті тұрғыны



