Әр азамат заң талаптарын сақтауға міндетті деп есептеймін.
Заңға құрметпен қарау құқықтық мәдениетті қалыптастырады. Тәртіп болған жерде адамдардың өзара сыйластығы артады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау баршаға жайлы орта қалыптастырады. Заң талаптарының орындалуы құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектеседі.
Әсіресе жастардың заңды білуі және сақтауы маңызды. Бұл олардың жауапкершілігін арттырады.
Заң мен тәртіпті сақтау арқылы біз әділетті қоғам құруға үлес қосамыз.
Сондықтан әрбір азамат заңға бағынуды өз міндеті ретінде қабылдауы қажет.
К.СӘБИТОВ,
тұрғын



