Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі
фото: ашық дереккөз
(0 Votes)

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі. 

Заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті әрі жауапкершілігі. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды.

Әсіресе жастардың заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға дағдылануы қажет.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбау – баршамызға ортақ міндет.

 Әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда сенім мен тыныштық нығая түседі.

Заң үстемдігі орнаған елде әділдік пен тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Сондықтан заңды құрметтеу – әрбір азаматтың азаматтық парызы.

Н.ЖҰМАБЕК,
кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT