«Заң мен тәртіп» балалар көзімен

«Заң мен тәртіп» балалар көзімен
фото видеодан алынды
(0 Votes)

▪️Махамбет аудандық сотында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында қызметкерлердің балалары арасында шығармашылық сурет байқауы ұйымдастырылды.

▪️Жас қатысушылар жарқын көркем жұмыстары арқылы әділдік, сот төрелігі, құқықтық тәртіп пен заңның қоғамдағы ролі туралы өз пайымдарын білдірді. Балалар тек шығармашылық ынта танытып қана қоймай, маңызды азаматтық құндылықтарды да терең түсінетіндерін көрсетті.

▪️Шараның мақсаты:

* Өсіп келе жатқан ұрпаққа құқықтық тәрбие беру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

* «Заң мен тәртіп» қағидатын үйлесімді әрі қауіпсіз қоғамның негізі ретінде дәріптеу.

* Сот жүйесі қызметкерлерінің отбасылық құндылықтарын және балаларының шығармашылық әлеуетін қолдау.

▪️Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар белсене қатысқаны және креативті идеялары үшін барлық жас суретшілерге және олардың ата-аналарына алғыс білдіреді!

▪️Назарларыңызға Махамбет аудандық сотымен дайындалған бейнеролик ұсынылады. 

Махамбет аудандық соты

https://t.me/Jogargy_sot

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT