«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: АСТАНАДА CIRQUE DU SOLEIL ШОУЫНЫҢ МЫҢДАҒАН КӨРЕРМЕНІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

(0 Votes)

Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде аты аңызға айналған Cirque du Soleil циркінің OVO қойылымымен гастрольдік сапары басталды. Ауқымды іс-шара алаңында қала тұрғындарының құқықтық мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» профилактикалық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара республикалық «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Астана қаласының прокуратурасы, қала әкімдігі және Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарды интернеттегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәртіпсіздікке «мүлде төзбеушілік» қағидатын нығайту.

«Барыс Арена» фойесінде арнайы «Заң мен тәртіп» тақырыптық аймағы жасақталды. Мұнда еріктілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері көрермендерге ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратты. Сондай-ақ келушілер қауіпсіздік пен заң талаптарын сақтау тақырыбындағы балалар суреттерімен танысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT