«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, елге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды жоба.
Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу әр азаматтың парызы деп білемін. Табиғатты ластамай, қоқысты белгіленген орынға тастау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді.
Бірлескен еңбек арқылы ауылдарымыз бен қалаларымызды таза әрі жайлы мекенге айналдыра аламыз.
Сондықтан тазалықты сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік.
М.Жақсылық
Мақат кенті тұрғыны



