«Таза Қазақстан» – ел аумағын таза әрі көрікті етуге бағытталған ауқымды қоғамдық бастама.
Табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдардың емес, барша қоғамның ортақ міндеті.
Тазалық шараларына тұрғындардың бірлесе қатысуы ауызбіршілікті арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейтеді. Өз ауламыздан бастап тазалыққа мән берсек, бүкіл ауданымыздың көркі арта түседі.
Таза ел – мәдениетті қоғамның және жарқын болашақтың негізі.
С.Каримов,
Мақат кенті тұрғыны



