Аудан тазалығына тұрақты түрде үлес қосып жүрген азаматтарды қолдау әрі олардың еңбегін бағалау мақсатында “Еңбекке құрмет” атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан жастары мен профилактикалық бақылау есебінде тұрған азаматтар белсенді түрде қатысып, қоғамдық ортақ іске өз үлестерін қосты.
Акция аясында тазалық жұмыстарын үздіксіз атқарып жүрген еңбекқор жандарға алғыс білдіріліп, сусын мен бәліш таратылды.
Аталған бастама қоғамда еңбек адамын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға, жастарды адал еңбекке баулуға және жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
МТ


