«Таза Қазақстан» акциясы – әр азаматтың жауапкершілігін оятатын маңызды бастама.
Бұл ретте ауданымызда “Таза Мақат” коммуналдық мекемесі құрылып, экологиялық акция аясында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жалпы, қоршаған ортаның тазалығы тек коммуналдық қызметтердің емес, баршаға ортақ міндет.
Сондықтан, көшеге қоқыс тастамау, табиғатты аялау, аула мен қоғамдық орындарды таза ұстау – маңызды.
Бұл ретте “Таза Қазақстан” акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
Осындай шаралар арқылы адамдардың санасы өзгеріп, тазалықты сақтау өмір салтына айналуы керек.
Жеке тұлға ретінде мен бұл бастаманы толық қолдаймын және әркім өзінен бастап, айналасын таза ұстауға үлес қосуы қажет деп санаймын.
Ж.МЫРЗА,
кент тұрғыны


