«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Махамбет ауданы полиция бөлімінде сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, аумақты қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар бөлім аумағына тал көшеттері отырғызылды.

Сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, аумақты көркейту және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай жұмыстар елді мекендердің көркеюіне ғана емес, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға да бағытталған.

Тазалық – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаны таза ұстау әр азаматтың күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады.
Г.СӘДУАҚАСОВА




