«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тазалық жұмыстары өткізілді.
Акцияға Махамбет ауылдық округінің қызметкерлері мен «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының мүшелері қатысып, Өтешқали Есмағамбетов көшесінде сенбілік ұйымдастырды.

Тазалық жұмыстары барысында көше бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, айнала абаттандырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған өлкенің көркеюіне үлес қосу.
Осындай игі бастамалар аудан аумағында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.



