«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты қорғауға бағытталған игі бастамалардың бірі. Бұл жоба қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық мәдениетті нығайтуға үлкен серпін беріп келеді.
Табиғатқа жанашырлық таныту – әр азаматтың парызы.
Сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстарына қатысу туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Тазалыққа мән берген қоғамның болашағы да жарқын болады.
Сондықтан әрқайсымыз табиғатты қорғауға өз үлесімізді қосуымыз керек. Бірлескен еңбек арқылы таза әрі көрікті Қазақстанды қалыптастыра аламыз.
С.НҰРТАС,
тұрғын




