Соңғы уақытта елімізде кең көлемде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы ауданымызда белсенді түрде жалғасуда.
Бұл бастама тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, туған жердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Аудан аумағанда ұйымдастырылған сенбіліктер барысында тұрғындар бірігіп, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, айналаны ретке келтіруге атсалысуда.
Мұндай ортақ жұмыстар қоғамдағы бірлікті нығайтып қана қоймай, әр азаматтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
М.Әнесұлы,
ардагер


