«Таза Қазақстан»: Жолдар жаңаруда

«Таза Қазақстан»: Жолдар жаңаруда
(0 Votes)

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Махамбет ауданында елді мекендерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Қазіргі таңда ауданда жалпы ұзындығы 91,9 шақырымды құрайтын 14 жол жобасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде ауылішілік жолдарды жөндеуге және ауылдарға кірме жолдарды жаңғыртуға бағытталған жобалар бар.

Бүгінде аталған нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызы аяқталды. Жаңарған жолдар тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауына мүмкіндік беріп, елді мекендердің көркін арттыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстардың басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, елді мекендердің тазалығы мен көркейтуіне үлес қосу. Бұл бағыттағы жұмыстар Махамбет ауданында кезең-кезеңімен жалғасын табуда.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT