«Таза Қазақстан»: Жанбай ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

Жанбай ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

 Бұл игі шараның басты мақсаты – ауыл аумағын көркейту, тазалықты сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

 Сенбілікке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар, мекемелердің айналасы тазартылып, қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, ерекше назар ауылдың көрнекті орындарының бірі – “Жеңіс монументі” маңына аударылып, оның айналасы тазаланып, ретке келтірілді. Бұл жұмыстар өскелең ұрпаққа тарихи орындарды құрметтеудің маңыздылығын насихаттауға да үлкен септігін тигізеді.

 Ауыл тұрғындарының бірлесе атқарған еңбегінің нәтижесінде Жанбай ауылының келбеті айтарлықтай жақсарып, тазалығы мен көркі арта түсті. Мұндай шаралар тек сенбілікпен шектелмей, алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, тұрақты түрде өткізілетін болады. Себебі туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті мен жауапкершілігі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл жұмыстар ауыл тұрғындарын бірлікке, жауапкершілікке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT