«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің болашағы үшін маңызды бастама

 «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің болашағы үшін маңызды бастама
фото: ашық дереккөз
(0 Votes)

Мен «Таза Қазақстан» акциясын өте пайдалы әрі қажетті жоба деп санаймын. Себебі тазалық – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. 

Акция тұрғындарды қоршаған ортаны күтіп ұстауға ынталандырады. Қоғамдық орындардың таза болуы адамдардың көңіл күйіне де жақсы әсер етеді. Табиғатқа жанашырлық таныту арқылы біз туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосамыз. 

Акция барысында ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде. Бұл еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға көмектеседі.

 Тазалыққа мән беру жас ұрпақтың тәрбиесіне де оң ықпал етеді. Әрбір азамат қоршаған ортаны ластамауға жауапкершілікпен қарауы керек.

 

А.ЕРЛАН,
тұрғын

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT