«Таза Қазақстан» акциясы халықты табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді.
Қоғамдық орындарды таза ұстау, қоқысты белгіленген жерге тастау және көгалдандыру жұмыстарына атсалысу – әрқайсымыздың үлесіміз. Әсіресе жастардың тазалық шараларына белсенді қатысуы өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болады.
Бірлікпен атқарылған әрбір жұмыс елді мекеннің көркеюіне септігін тигізеді.
Тазалықты күнделікті әдетке айналдырсақ, болашағымыз да жарқын болады.
А.Айынұлы,
Мақат кенті тұрғыны



