ТАЗА АУЫЛ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

(0 Votes)

Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында ауылдағы 7 көше бойы, мекеме аумақтары және 4 шақырым тас жолдың жиегі тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға ауылдық округтегі барлық мекеме қызметкерлері қатысып, 1 тонна күл-қоқыс арнайы белгіленген орынға шығарылды.

Ауылдың көркейіп, таза болуы – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.

Кәмшат Әбіш 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT