Таза ауыл – ортақ міндет

(0 Votes)

Елтайда сенбілік ұйымдастырылды Елтай ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Шараға ауыл тұрғындары, еңбек ұжымдары мен жастар белсене қатысып, елді мекеннің бірқатар аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық барысында жол жиегі, жаяу жүргіншілер жолдары, бос аумақтар мен қоқыс жиналған тұстар ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, трактор арқылы топырақ пен қалдықтарды жинау жұмыстары да атқарылды. Қатысушылар қолдарына тырма, күрек, қап алып, айналаны қоқыстан толық тазартуға күш салды. Ауыл тұрғындарының белсенділігі мен ынтымақтастығының арқасында Елтай ауылының келбеті айтарлықтай жақсарып, қоғамдық орындардың тазалығы қамтамасыз етілді. Бұл шараның басты мақсаты — туған жерді таза ұстау, табиғатқа жанашырлық таныту және экологиялық мәдениетті арттыру. Елтайлықтар алдағы уақытта да мұндай бастамаларды дәстүрге айналдырып, ауылды абаттандыруға өз үлестерін қоса бермек.

Дендер Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT