Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – табиғатқа деген құрметтің көрінісі.
«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Туған өлкенің тазалығы мен көркеюі әр азаматтың белсенділігіне байланысты.
Д.Жанболат,
Мақат кенті тұрғыны



