Экология – бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан өзекті мәселе. Табиғаттың ластануы, ауаның бұзылуы мен су ресурстарының азаюы адамзатқа үлкен қауіп төндіруде. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» бастамасы елдің дамуы мен халық денсаулығы үшін аса маңызды.
Бұл идея тек сенбілікпен шектелмей, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау сияқты қарапайым әрекеттер үлкен өзгеріске жол ашады. Мемлекет те көгалдандыру, қайта өңдеу және өндірістерді экологиялық талаптарға бейімдеу бағытында жұмыстар жүргізуде.
Табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік. Егер әрқайсымыз осы іске үлес қоссақ, еліміз таза әрі өмір сүруге қолайлы мекенге айналады.
Ж.Мырза
Кент тұрғыны


