Менің ойымша, заң мен тәртіп қоғамдағы бейбіт өмірдің кепілі болып табылады. Заң барлық азаматтарға ортақ талап қойып, олардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Тәртіп бар жерде өзара сыйластық пен жауапкершілік қалыптасады.
Заңды сақтау арқылы адамдар түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алады. Қоғамдық орындардағы тәртіп те азаматтардың мәдениетін көрсетеді. Әрбір адам өз іс-әрекетіне жауап беруді үйренуі қажет. Заңды құрметтеген елде тұрақтылық пен даму болады.
Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды. Бұл олардың дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.
Заң мен тәртіпті сақтау арқылы біз қауіпсіз әрі әділетті қоғам құра аламыз.
Н.НҰРЛАНҚЫЗЫ
кент тұрғыны


