Салауатты өмір – заң мен тәртіптің негізі

Салауатты өмір – заң мен тәртіптің негізі
фото: ашық дереккөз
(0 Votes)

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың басты негізі. 

Ішімдікке әуестік көптеген отбасылық кикілжіңдерге, құқық бұзушылықтарға және денсаулыққа зиян келтіретін жағдайларға себеп болады. Сондықтан әр азамат зиянды әдеттен бойын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын таңдауы қажет. Әсіресе жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Отбасындағы тәрбие мен қоғамның қолдауы мұндай келеңсіздіктердің алдын алуға ықпал етеді. Заң талаптарын сақтау арқылы қоғамдық тәртіп те нығая түседі. Әрбір адамның саналы таңдауы қауіпсіз әрі берекелі қоғам қалыптастыруға жол ашады.

Заңға құрметпен қарап, жауапкершілікті жоғары қойған елдің болашағы әрқашан жарқын болады.

Н.ЖҰМАБЕК,
кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT