Сағыз ауылішілік жолдары жаңартылуда

Сағыз ауылішілік жолдары жаңартылуда
(0 Votes)

 Қазіргі таңда Сағыз ауылында ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жобаның жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары аясында жол төсемі толық жаңартылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауы үшін барлық қажетті талаптар ескерілуде.

Сонымен қатар жоба шеңберінде жаяу жүргіншілер жолы салынып, су ағар жүйелері қарастырылған. Бұл өз кезегінде ауыл инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстар ауылдың келбетін көркейтіп қана қоймай, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жол құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, нысан пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындары үшін үлкен игілік болмақ.

К.ӘБІШ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT