Қала аумағында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Айқын нәтиже» «Саналы ұрпақ» жобалары аясында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Рейд барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту және тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Есептік кезеңде қараусыз қалған 12 ғимарат оқшауландырылды, қалған объектілерді дереу оқшаулау, бұзу немесе жаңарту бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, рейдтік іс шаралар барысында кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру деректерімен 69 ойын-сауық мекемелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 түнгі көңіл көтеру орындарының қызметіне тоқтам салынды.
Тәрбие жұмысымен тиісті түрде айналыспаған - 3612 ата-ана жауапқа тартылды. Цифрлық карта аясында өзекті мәселелерді шешуде жасанды интеллект қолдануда. Жалпы қылмыс деңгейі 12 пайызға төмендеді.
Бұл шаралар қаладағы құқықтық тәртіпті нығайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.



