ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН НЫҒАЙТАДЫ

ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН НЫҒАЙТАДЫ
фото: ашық дереккөз
(0 Votes)

Қазіргі қоғамда интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтық түрлері күрт көбейіп, бұл мәселе барша тұрғындарды алаңдатып отыр. Алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, жалған қоңыраулар, күмәнді хабарламалар мен түрлі айла-тәсілдер арқылы қаржысын иемденуге тырысады. Әсіресе онлайн төлемдердің кең таралуы мұндай қылмыстардың жиілеуіне себеп болуда.

Осындай жағдайда заң мен тәртіптің рөлі бұрынғыдан да маңызды. Тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, түсіндіру жұмыстарын күшейту және әр азаматтың сақтық танытуы – алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы. Жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді ұсыныстарға сенбеу және кез келген күдікті әрекетке бейжай қарамау қоғам қауіпсіздігін нығайтады. Бірлескен жауапкершілік пен қырағылық қана алаяқтықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.

С.АХМЕТ,
кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT